Главное меню
Cілтемелер
НЕГІЗГІ БЕТ

 

 



СПИСОК

Лиц, учавствующих в конкурсе на занятие вакантных должностей судей местных судов Республики Казахстан, проживающих в г.Алматы:

 

1.    Абдрахманов Бауыржан Ермекович

2.   Абилкаир Гулмира

3.   Абдихамит Корлан Абдихамитовна

4.   Адам Мурат Адамулы

5.   Акишев Усен Актомпишевич

6.   Амирханова Гульнара Александровна

7.   Аркинов Даулет Аркинович

8.   Ахатов Аскар Жумаханович

9.   Ахметова Лаура Турабаевна

10.    Ахметшинова Нагима Муратовна

  11. Аяпбергенова Айгуль Дуйсенбековна

  12.  Байбулатова Алуа Салаватовна

  13.  Байгожаев Багдат Багашарулы

  14.  Байтенов Сапаралы Карсыбекович

  15.  Баскинбаева Сауле Сабиканкызы

  16.  Батырбев Канат Асембекулы

  17.  Бейсеуова Айнур Адамкызы

 18.Досмухамбетова Гульнар Булатхановна

  19.  Дуанбекова Калима Кудайбергеновна

  20.  Ергалиева Асель Жамеледеновна

  21.  Есиркепов Ермек Шоханович

  22.  Жакупова Рауза Токтаровна

  23.  Жолманова Светлана Сатбаевна

  24.  Жумагул Серик

  25.  Жумабекова Аршат Ихласбаевна

  26.  Ибрагимов Ильяс Мухадиевич

  27.  Иманбердиев Азизбек Паримбекович 

  28.  Калиев Асет Джумабекович

  29.  Касымбаева Гаухар Сейткамзановна

  30.  Кенжегарина Жанар Кенжегаровна

  31.  Керимбаева Шолпан Айдаркуловна

  32.  Куанышбайкызы Сымбат

  33.  Кунчаев Бауржан Сергалиевич

  34.  Медетбекова Асель Даулетгалиевна

  35.  Мурзаев Канат Болатович

  36.  Мылтыкбаев Канат Елемесович

  37.  Нуралиев Ерлан Мырзаханович

  38.  Нуркасымов Даулет Масымаканович

  39.  Онласынова Жазира Ырымовна

  40.  Оспанов Барат Майырович

  41.  Оспанова Эльвира Чаймардановна

  42.  Омаров Фаррух Усманович

  43.  Ордабаева Самал Токтасыновна

  44.  Пірнияз Зиядинхан Әбдібайұлы

  45.  Рахметова Арайлым Муратовна

  46.  Сагинтаев Бекжан Лесбекович

  47.  Саменов Берикбол Амануллаевич

  48.  Сейтенов Данияр Нурланович

  49.  Сейтхожина Гульнура Берикбаевна

  50.  Сулейменов Руслан Алмасович

  51.  Тажиханова Жибек Абдисаттаркызы

  52.  Токбаев Бауыржан Калмуханович

  53.  Токбаев Махсут Хаджиахметович

  54.  Тугайбаев Тлеккали Серикович

  55.  Турлыбаев Ержан Ермекулы

  56.  Турганбаев Ержан Муратович

  57.  Турсунова Гульбанум Мухпуловна

  58.  Шакуал Абзал Шакуалулы

  59.  Штоколова Виктория Викторовна

 

В целях обеспечения открытости и гласности отбора вышеуказанных кандидатов, желающие могут представить в отношении них какие-либо сведения, мнения, отзывы на сайт Алматинского городского суда: www.almatysot.kz либо по адресу: г. Алматы, ул. Казыбек би, дом 66, тел: 8272-79-85-94.

 

 
Жаңалықтар | Мұрағаты
01.12`11
Список кандидатов на должности судей
СПИСОК Лиц, учавствующих в конкурсе на занятие вакантных должностей судей местных судов Республики Казахстан, проживающих в г.Алматы: 1. Абдрахманов Бауыржан Ермекович 2. Абилкаир Гулмира 3. Абдихамит Корлан Абдихамитовна 4. Адам Мурат Адамулы 5. Акишев Усен Актомпишевич 6. Амирханова Гульнара Александровна 7. Аркинов Даулет Аркинович 8. Ахатов Аскар Жумаханович 9. Ахметова Лаура Турабаевна 10. Ахметшинова Нагима Муратовна 11. Аяпбергенова Айгуль Дуйсенбековна 12. Байбулатова Алуа Салаватовна 13. Байгожаев Багдат Багашарулы 14. Байтенов Сапаралы Карсыбекович 15. Баскинбаева Сауле Сабиканкызы 16. Батырбев Канат Асембекулы 17. Бейсеуова Айнур Адамкызы 18. Досмухамбетова Гульнар Булатхановна 19. Дуанбекова Калима Кудайбергеновна 20. Ергалиева Асель Жамеледеновна 21. Есиркепов Ермек Шоханович 22. Жакупова Рауза Токтаровна 23. Жолманова Светлана Сатбаевна 24. Жумагул Серик 25. Жумабекова Аршат Ихласбаевна 26. Ибрагимов Ильяс Мухадиевич 27. Иманбердиев Азизбек Паримбекович 28. Калиев Асет Джумабекович 29. Касымбаева Гаухар Сейткамзановна 30. Кенжегарина Жанар Кенжегаровна 31. Керимбаева Шолпан Айдаркуловна 32. Куанышбайкызы Сымбат 33. Кунчаев Бауржан Сергалиевич 34. Медетбекова Асель Даулетгалиевна 35. Мурзаев Канат Болатович 36. Мылтыкбаев Канат Елемесович 37. Нуралиев Ерлан Мырзаханович 38. Нуркасымов Даулет Масымаканович 39. Онласынова Жазира Ырымовна 40. Оспанов Барат Майырович 41. Оспанова Эльвира Чаймардановна 42. Омаров Фаррух Усманович 43. Ордабаева Самал Токтасыновна 44. Пірнияз Зиядинхан Әбдібайұлы 45. Рахметова Арайлым Муратовна 46. Сагинтаев Бекжан Лесбекович 47. Саменов Берикбол Амануллаевич 48. Сейтенов Данияр Нурланович 49. Сейтхожина Гульнура Берикбаевна 50. Сулейменов Руслан Алмасович 51. Тажиханова Жибек Абдисаттаркызы 52. Токбаев Бауыржан Калмуханович 53. Токбаев Махсут Хаджиахметович 54. Тугайбаев Тлеккали Серикович 55. Турлыбаев Ержан Ермекулы 56. Турганбаев Ержан Муратович 57. Турсунова Гульбанум Мухпуловна 58. Шакуал Абзал Шакуалулы 59. Штоколова Виктория Викторовна В целях обеспечения открытости и гласности отбора вышеуказанных кандидатов, желающие могут представить в отношении них какие-либо сведения, мнения, отзывы на сайт Алматинского городского суда: www.almatysot.kz либо по адресу: г. Алматы, ул. Казыбек би, дом 66, тел: 8272-79-51-18.
14.11`11
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына Алматы қаласының соттары арасында спорттық жарыс өтті
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» Алматы қаласының соттары арасында спорттық жарыс өтті Ағымдағы жылдың 29-қазанында Алматы қаласы соттарының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» соттар арасында салауатты өмір салты негізінде «футбол, волейбол, шахмат, шашка және жеңіл атлетика спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Аталған спорттық мерекелік шараға Алматы қалалық сотының төрағасы, Алматы қаласының судьялары мен сот мамандары және «Заң газеті мен «Юридический газета» газетінің қызметкерлері қатысты. Спорттық мерекені Алматы қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев ашып, мерекеге келушілерді өткізіліп отырған мерекелік шара, Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналатынын, салауатты өмір сүріп болашақ ұрпақты тәрбиелеуге міндетті екенімізді, дені сау, рухани бай ұрпақ қана еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, көркейтіп және ұстап қалатынын. Сондықтан біздер ой еңбегімен қатар деннің саулығында арттыруымыз керек, дені сау адамның көңілі ашық өмірге қуанышпен қарайды. Елге, ортасына, жанұясына жақсылық сыйлайды. Ал дені сау, көңілі тоқ судья ешқашанда заңсыздыққа жол бермейді, әрқашанда арымен азаматтығымен шешім айтады деп, жарысқа қатысушыларды құттықтады. Осыдан соң, соттар арасында спорттан қызу тартыс басталып, нәтижесінде футболдан Бостандық аудандық №2 соты – 1 орын, Алматы қалалық соты – 2 орын, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 3 орын, ал волейболдан Алматы қалалық соты – 1 орын, Әуезов аудандық соты – 2 орын, Жетісу аудандық соты – 3 орын, ал 500 метр қашықтыққа жүгіруден қыздар арасында Бостандық аудандық соты Исаканова Жұлдыз 1-орын, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кенжегуль Амангуль 2-орын, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бекет Мадина 3-орын, 1000 метр қашықтыққа жүгіруден ерлер арасында Алматы қалалық соты Асқаров Мади 1-орын, Алмалы аудандық соты Калхабаев Аманжол 2-орын, Әуезов аудандық №2 соты Сеитов Шыңғыс 3-орын, 100 метр қашықтыққа жүгіруден қыздар арасында Бостандық аудандық соты Бельгибаева Асель 1-орын, Алмалы аудандық соты Орымбек Мөлдір 2-орын, Бостандық аудандық №2 соты Тарап Дариға, 100 метр қашықтыққа жүгіруден ерлер арасында Түрксіб аудандық соты Тажиев Елдос 1-орын, Алатау аудандық соты Рахимбеков Ежебек 2-орын, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тажиев Данияр 3-орын, Шахматтан Әуезов аудандық сотының төрағасы Қатықбаев Болатбек – 1 орын, Бостандық аудандық соты Бекбаев Ералы 2-орын, Алматы қалалық соты Махпиров Бахтышат 3-орын, Шашка Әуезов аудандық сотының төрағасы Қатықбаев Болатбек – 1 орын, Мамандандырылған қаржылық соты Тасбулатов Айдын 2-орын, Мамандандырылған қаржылық соты Батырбеков Тимур 3-орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы кубоктар мен бағалы сыйлықтармен және мақтау грамоталарымен марапатталды. Бұл спорттық жарысты Хабар, КТК, Алматы телеканалдары түсіріп, тікелей эфирден көрсетті. Ал «Юридическая газета» газеті жарыс өткізілгені жөнінде мақала шығарды.
06.10`11
Жетісу аудандық №2 сотында есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға қатысты дөңгелек үстел өтті
Алматы қаласындағы Жетісу аудандық №2 сотында «Есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға байланысты істі қарау барысындағы және сот ісін жүргізу тіліне қатысты мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алматы қаласындағы Жетісу аудандық №2 сотында «Есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға байланысты істі қарау барысындағы және сот ісін жүргізу тіліне қатысты мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға төрайым Қайынжамал Бұқбанова, Жетісу аудандық прокуратурасының бөлім бастығы Алмат Рамазанов, аудандық Ішкі істер басқармасы Тергеу бөлімінің бастығы Айдарбек Керімбеков, тағы басқа судьялар қатысты. Аудандық №2 сотқа түскен көптеген істер бойынша тергеу жұмыс­тарының шалалығы байқалған. Қылмыскерді ұстағанда бейнетүсірілім жасалады, бірақ, тексеру туралы хаттамаға ол енгізілмейді. Сондықтан, бейнетүсірілім қандай камерамен жасалды, кім түсірді, оған кімдер қатысты, бәрі-бәрі хаттамаға енгізілуі тиіс. Мысалы, күдіктілер тергеу кезінде кінәсін мойындап, сот отырысына келгенде жауабынан жалтарады. Күдіктіні тінтуді бастамай тұрып алдымен, өзінен қалтасында не бар екенін сұрап алған жөн. Сосын тінтуші алақанын ашып, саусақтарын жазып көрсетіп барып тінтуді бастауы керек. Тәркіленген әрбір зат жеке-жеке видиоға түсіріледі. Әйтпесе, күдіктінің қалтасына есірткіні құқық қорғаушылардың өздері салып жіберді деген кикілжің туындайды. Кейбір ұсталғандар «Полицейлер мені 4-5 сағат бойы ұстап отырып, қылмысты өз мойныңа ала сал деп үгіттеді» деген сияқты дәйектер келтіреді. Сондықтан, күдіктінің қолға түскен уақытынан бастап бейнетаспаға түсірсе, мұндай келеңсіздіктер азаяды екен. Сотталушының тінту барысында «қалтамнан анаша шықты» деп өз қолымен жазып бергені тиімді. Сотқа кейбір іс қазақ тілінде келгенімен, іс жүргізу орысша өтеді. Кейбір хаттамаларда бап пен нөмірінің арасына сызықша қойылмай кетеді. Осындай қателіктерді де жіберуге болмайды. Сонымен қатар, тілге қатысты айтсақ, жуырда аудандық сотта мынадай жағдай болған. Жәбірленуші орыс, қылмыскердің ұлты – қырғыз. Қырғыз азаматы орысша да, қазақша да түсінбейді. Іс қазақ тілінде жүргізілген. Орыстілді және қырғызша білетін тілмаш іздеуге тура келді», – дейді Қайынжамал Сапарқызы. Кейде қазақша оқыған судьялар «мемлекеттік тілде іс жүргізе алмаймыз» деп аузын қу шөппен сүртетін көрінеді. Жуырда тұрғын үйлерді тонап жүрген қарақшы қолға түскен. Ол пәтерден жасанды және алтын әшекейлерді алған. Бірақ, нақты қандай бұйымдар екенін тергеуші тәптіштеп сұрамаған. Ал, ұры бірнеше ұсақ әшекейлерді қара базарға апарып сатқан. Үйден одан өзге екі сағат ұрланған. Тергеу біткеннен кейін екі айдан кейін жәбірленуші сотқа келіп: «Мен екі сағат пен бес жүз мың теңге тұратын жүзікті үйден тауып алдым», – дейді. «Соларды әкеліп көрсет» дегенде, ол сотқа жоламай, ат-тонын ала қашқан. Бұдан түсінгеніміз, сотталушы жақ одан кешірім сұрап, ауызбастырықпен қоса кейбір заттарды қайтарып берген. Қайынжамал Сапарқызы тергеу барысында күдіктіден алған заттарды тәптіштеп сұрап, хаттамаға міндетті түрде енгізулерін тергеушілерден талап етті. Кейбір күдіктілер есірткіні қолданған жағдайда немесе мас күйінде ұсталады. Оларды наркологиялық диспансерге апарғанда міндетті түрде медицина қызметкері тексеріп, соның жасаған сараптамасы негізге алынуы тиіс. Және медицина қызметкерінің аты-жөні, сараптама жасалған уақыт пен өткен орны толық тіркелгені жөн. Мұндай болмаған жағдайда сот үкімі бұзылатын оқиғалар да кездеседі. Еліміздегі кәсіби тергеу саласын дамытса, арызданушылардың құқық қорғау органдары туралы кейбір теріс пікірлері азайып, сенімі арта түсер еді.
06.10`11
Алматыда экономика сала­сын­дағы дауларға қатысты ТМД соттарының кезекті сегізінші бас­қосуы өтті
29 қыркүйек 2011 жылы Алматыда экономика сала­сын­дағы дауларға қатысты істерді қа­райтын жоғары арбитраж, эко­но­микалық, шаруашылық және тағы басқа соттардың төрағалары Кеңесі­нің кезекті сегізінші бас­қосуы өтті. Басқосуға Ресей, Беларусь, Тә­жік­стан мемлекеттері мен Қырғыз Республикасының өкілдері келді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Бек­тас Бекназаров Қа­зақстан биыл аталған Кеңеске төрағалық етіп отырғанын, тәуелсіз мем­ле­ке­тіміздің жиырма жылда қол жеткізген жетістіктерін атап өтіп, сонымен қатар, сот саласында орын алған елеулі өзгерістерге ерек­ше тоқталды. Қазақстан сотының Халықаралық соттар қауымдастығына мүше болғанын айтып, қонақтарды қазақ елінде өткен айтулы шаралардан да хабардар етті. Төрағалар алдымен 7-ші кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуы, ТМД құрамындағы елдердің кедендік заңнамалары жайлы әң­гі­ме қозғады. Олар Ресей мен Бе­ларусь экономикалық соттарының тәжірибесін алға тарта отырып, қар­жылық міндеттемелерді өтеу кезегін ұлттық заңнамалар талаптарына сай қалыптастыру мәселелерін көтерді. Көліктік қатынас, экологиялық, мем­лекеттік баж салығын қайтару мәселелері де төрағалар назарынан тыс қалмады. Мұнда тағы бір сараланған жайт – ЕурАзЭҚ сотына қатысты болды. ЕурАзЭҚ-қа аз-кем тоқталсақ, бұл сот өз жұмысын ке­лер жылдың бірінші қаңтарынан бастайды. Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер оған екі судьядан өз өкілдерін жібереді. Олар аталған Одақ аясындағы мәселелерді талдайды. Яғни, ЕурАзЭҚ Кедендік Одақтың негізінде құрылып жатыр. Төрағалары бас қосып отыр­ған Тәуелсіз Мемлекеттердің Дос­тас­тығы аясында құрылған эконо­микалық соттың бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын ескерсек, ЕурАзЭҚ-тың құрылуына байланысты алдағы уақытта аталған соттардың бір-бірімен қарым-қа­ты­насы қандай болмақ? Екеуі бір-бі­рінің құзыретіне араласып кетпей ме? Яғни, екеуінің қатар жұмыс іс­теуі мүмкін бе, әлде экономика­лық сот өз жұмысын тоқтата ма деген ойлар да ортаға салынды.
06.10`11
Тәуелсіздікке күніне орай дөңгелек үстел өткізілді
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Алматы қаласының Алатау аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді 23 қыркүйек 2011 жылы Алматы қаласының Алатау аудандық сотының ұйымдастыруымен, Медеу, Түрксіб аудандық соттарының төрағалары, судьялары мен мамандарының, аудандық прокуратура, Алатау ауданы әкімшілігінің, ішкі істер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған шараны Алатау аудандық сотының төрағасы Естаев Талғат ашып, ел тәуелсіздігінің тарихына тоқталып, осы уақыт аралығында сот саласында атқарылған іс-шаралар мен жетістіктер жайлы, осы 20 жыл ішінде сот жүйесі серпіді дамып, өзінің ұйымдық және құқықтық негізін бекіте түскенін, сот төрелігі саласындағы өзгерістер 16 желтоқсан 1991 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы конституциялық заңынан бастау алып, осы заңның негізінде Қазақстанда мемлекет билігін заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарына бөліп жұмыс жасалып жатқанын атап өтті. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерге Медеу аудандық сотының төрағасы Қ.Досымбет, Түрксіб аудандық сотының төрағасы Б.Мәлік-тегі, Түрксіб аудандық сотының судьясы Г.Ахмедиева, Алатау аудандық сотының судьясы К.Беков өз баяндамаларында кеңінен тоқталып өтті. Соттар арасындағы айтулы мерекеге арналған бірлескен іс-шара ертеңіне Футбол Ленд кешенінде жалғасып, аталған үш аудандық соттың қызметкерлері арасында футбол, волейбол, шахмат және бильярд сияқты спорт түрлерінен жарыс өтті. Нәтижесінде футболдан және волейболдан Түрксіб аудандық соты - 1 орын, Алатау аудандық соты - 2 орын, ал шахматтан Алатау аудандық сотының маманы А.Тайпов - 1 орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздары марапаттау қағаздарымен марапатталды.
Опрос
Сот жүйесі электрондық қадағалау шаруашылығын кашетілік ете ме?

Результаты голосования
Канцелярия +7 727 279-91-80
Сенім телефоны +7 727 279-85-94
Алматы Қалалық Соты
Алматы, Қазыбек Би, 66
Электронды пошта:
gor_sud_2011@mail.ru
DECARTweb-design studio